Адами капитал

Б.Ізмұхамбетов Республикалық ардагерлер ұйымын басқарады

Бүгін Астанада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі Президиумының кезектен тыс отырысы өтті.Онда Өмірзақ Озғанбаевтың өзін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы қызметінен босату туралы өтініш қаралып, мақұлданды.
Нұр-Сұлтан21 Маусым , 11:12

Тиісінше, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасының міндетін атқарушы лауазымына Бақтықожа Ізмұхамбетовтің кандидатурасы ұсынылды.

Оны Президиум мүшелері бірауыздан мақұлданды.

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі Президиумының кезектен тыс отырысының қорытындысы бойынша Бақтықожа Ізмұхамбетовті Орталық кеңестің төрағасы міндетін атқарушы ретінде сайлау және оның кандидатурасын кезекті пленумнің қарауына шығару туралы қаулы қабылданды.

Өмірзақ Озғанбаев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды




Яндекс.Метрика