Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Н.Әлтаев: Қазақстандағы салықтық тексеру көпшілік мақұлдаған режимде айқындалуы керек (БЕЙНЕ)

Cалықтық тексерулер көпшілік мақұлдаған режимде айқындалуы керек. Жаңа салық саясаты тұрақты және шетелдік инвесторлар мен өзіміздің кәсіпкерлер үшін түсінікті болуы керек, деді ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев «Strategy2050.kz» ақпарат агенттігіне берген сұқбатында.
Нұр-Сұлтан 21 Маусым, 10:02

«2015-ші жылы жалпы бизнес салық органдары тарапынан тексерістерге тап болды және бұл тексерістердің не үшін жасалғанын анықтау керек. Өйткені біздің мәлімет бойынша өткен жылы кәсіпкерлер өте үлкен тексерістердің астында қалған. Нақты айтар болсақ, 54 000 тексеріс жүргізілген және ол тексерістердің басым бөлігі нақтыланбаған. Ал, кәсіпкерлер толықтай заңды түрде жұмыс істеген»,-деп мәлімдеді ол.

Н.Әлтаевтың айтуынша, 2014-ші жылы Мемлекет басшысы тексерулерге мораторий жариялаған кезде кәсіпкерлердің еңселері көтеріліп, жалпы бизнесте оң нәтижелер көрсетілген болатын.  

«2014-ші жылдың қортындысы бойынша шағын және орта бизнестің ІЖӨ-гі үлесі ел бойынша өсіп, 20%-дан артық болды. 26%-ға дейін жетті. 20 жылда мұндай жетістік бомаған. Ал, 2015-ші жылы қайтадан салық органдары тарапынан тексерістер көбейіп кетті. Сондықтан бірінші кезекте салықтық тексерістер көпшілік мақұлдаған режимде айқындалуы ұсынылды»,-деп атап өтті ол.

Басқа сөзбен айтқанда, әдеттегі тексеріс келгенде олар прокуротурамен келісілген болады. Мемлекеттік органның тексеріс жасауына белгілі деңгейде себептері болады. Алдын-ала ескертуі жасалады. Ал, салықтық тексерулерде ондай жоқ. Олар кез-келген уақытта келіп, барлық құжаттарды және тағы басқаларды тексере береді.

«Біз салықтық тексеруге байланысты көпшілік мақұлдаған режим болуы керек, деп есептейміз. Жакңа салық саясатына, салық кодексіне қатысты. Бұл мәселеде жан-жақтылы ойланып, барлық аймақтармен талқылап бір пікірге тоқталуымыз керек. Cалықтық тексерулер көпшілік мақұлдаған режимде айқындалуы керек. Жаңа салық саясаты тұрақты және шетелдік инвесторлар мен өзіміздің кәсіпкерлер үшін түсінікті болуы керек»,-деді Н.Әлтаев.

Индира Қауметова

Бейне: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика