Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде мемлекет 60% салымды қамтамасыз етеді (БЕЙНЕ)

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде мемлекет 60% салымды қамтамасыз етеді, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында ДСӘДМ Астана қаласының медициналық қызметке ақы төлеу департаменті жетекшісінің орынбасары Ләззат Шоманова.
Нұр-Сұлтан 21 Маусым, 09:18

- Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейтін болады?

- 2017 жылдан бастап міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды енгізу жоспарланған, ол денсаулық сақтау жүйесімен бірге жұмыс істейтін болады, ол тегін медициналық қызмет көрсетумен қамтудың кепілдендіруімен қаржыландырылады. ММС жүйесіне қатысатын азаматтар  медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне  ие болады. Кепілдендірілген медициналық көмек жүйесі бойынша , оның ішінде жедел медициналық көмек, санитарлық авиация, профилактикалық егу жатады.

- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлемді кім салады?

- ММС жүйесінде төрт қатысушы жұмыс істейді. Бұл мемлекет,жұмыс беруші, жұмысшылар мен өзін-өзі қамтығандар. Мемлекет 60% салымды қамтамасыз етеді. Жұмыс берушілер 2017 жылдан бастап жалақыдан пайыздарды төлейді. 2024 жылға дейін жалақыдан алынатын пайыздық көрсеткіш ұлғаятын болады. 2019 жылдан бастап жұмыскерлер  1 пайыздан, өзін-өзі қамтығандар өзінің статусымен анықталып, тіркеліп өздеріне тиесілі салымды салулары керек.

- Әлеуметтік-медициналық сақтандыруды енгізу не үшін қажет?

- Біздің елге заманауи медициналық қызметтің түсіретін салмағы азаматтарға жоғарысапалы көмек көрсетуді қарастырады. Біз денсаулық сақтау ресурстар жүйесін толтыруымыз керек, бұл толымдар аталған төрт қатысушыға бөлінеді. Медициналық қызмет сапасын арттыру медициналық ұйым мағынасын ұлғайтады.

Индира Кауметова

Бейне: Азамат  Әлиев

 





Яндекс.Метрика