Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астана-Павлодар автожолын қайта жаңғырту жұмыстары 2018-ші жылы толық аяқталады - ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов Қарағанды мен Павлодар облыстарына жасаған жұмыс сапарының қортындысы бойынша автомобиль жолдарын қайта жаңғырту барысы бойынша мәжіліс өткізді, деп хабарлайды компаниядан.
Казахстан21 Маусым , 08:41

Қазіргі уақытта «Орталық-Шығыс» дәлізі бойынша құрылыс жұмыстары Астана-Павлодар және Павлодар-Семей учаскесінде жалғасуда. Бұл жұмыстарда 516 шақырым қамтылған. Жоба аясында осы жылдың аяғында Астанадан Приречное ауылына дейінгі аралықтағы жолдың негізгі құрылсын аяқтау жоспарлануда. Ары қарай қалған 400 шақырымды бір бағыт бойынша 181 шақырымға дейін жаңа жабын төсеуді қамтамасыз ету қарастырылған.

Сонымен қатар, Ертіс өзеніне салынған 12 шақырым көпір құрылысын аяқтау жоспарлануда. Аталмыш Павлодардағы көпір транзиттік ағынының Астанадан Семиейге және Өскеменге қарай өтуін қамтамасыз ететін болады.

Астана-Павлодар автожолын қайта жаңғырту жұмыстары 2018-ші жылы толық аяқталады. Автожол қайта жаңғырту жұмыстарынан өткеннен кейін төрт жолақты болып кеңейтіледі және 1-ші техникалық санатқа жататын болады.

Бұдан бөлек, мәжілісте Астана-Теміртау автожолының құрылыс барасы да талқыланды. Құрылыс жұмыстары ұзақтығы 157 шақырым учаскеде жүріп жатыр.

Мәжіліс қортындысы бойынша Е.Қизатов мердігер ұйымдарға осы жылдың соңына дейін Астанадан Теміртауға дейінгі аралықтағы жолдың құрылысын аяқтап, 4 жолақты қозғалысты ашу туралы тапсырма берді. 




Яндекс.Метрика