Парламент

ҚР Жер кодексінің кейбір ережелерін тоқтата тұру туралы заң жобасы Сенаттың жалпы отырысына жіберілді

«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір ережелерін тоқтау және 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қолданысқа енгізу туралы» заңның жобасы Сенат Парламентінің жалпы отырысында қарастырылатын болады.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 18:13

«2016 жылғы 6 мамырдағы «2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға морторий енгізу туралы» Президенттің Жарлығына сәйкес мороторий енгізілді: біріншіден, 2015 жылдың 2 қарашасындағы «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң ережелерін қолдану, екіншіден, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ тұлғаларға, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғаларға жарғылық капиталда ауыл шаруашылығы үшін жерді жалға алуға 50 пайыздық құқық ұсынылады»,-деді ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі Ермек Көшербаев.

Оның айтуы бойынша, Президенттің жарлығын орындауда Ауыл шаруашылық министрілгі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір ережелеріне тоқтау және 2015жылғы 2 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қолданысқа енгізу туралы» заңның жобасын жасауда.

«Заң жобасын 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтату қарастырылған. Біріншіден, Жер кодексінің жекелеген ережелерінің әсері. Көбінесе, жеке және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншікті заңды тұлғаларды қамтамасыз етуге қатысты нормалар. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мақсатында жерді жалдау шарты бойынша шетелдіктерге уақытша жер пайдалану құқығын беру. Екіншіден, 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қолданысқа енгізуді тоқтата тұру»,-деді вице-министр.

Айта кетейік, заңның жобасы Президент Әкімшілігінің, Премьер-министр кеңсесінің, Бас прокуратурамен және Әділет министрлігімен қол қойылған, қаржы және ұлттық экономиканың ескертулері және ұсыныстарымен аяқталуда. Сондай-ақ, облыс әкімдігімен және барлық мүдделі мемлекеттік органдармен.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика