Қазақстанның Тәуелсіздігі

ОҚО-да мемлекеттік қызметшілер арасында өткен спартакиаданың жеңімпаздары белгілі болды

Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиаданың нәтижесі белгілі болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область20 Маусым , 20:27

Атап айтқанда, екі кезеңнен тұрған жарыстың І кезеңінде 1-орынды ОҚО мемлекеттік кірістер департаменті, 2-орынды ОҚО статистика департаменті, 3-орынды ОҚО ауылшаруашылық басқармасы иеленді.

Ал ІІ кезеңде аталған үш жеңімпаз команда аудан және қала әкімдіктерінің құрама командаларымен сайысқа түсіп, спартакиада қорытындысы бойынша 1-орынды Түркістан қаласының әкімдігі, 2-орынды ОҚО мемлекеттік кірістер департаменті, 3-орынды Бәйдібек ауданының әкімдігі жеңіп алды.

Әр спорт түрлері бойынша жеңімпаз командалар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен және кубоктарымен марапатталды.

Айта кету керек, спартакиаданың бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілер құрамы спорттың волейбол, кіші футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика (ерлер, қыздар арасында 4х100 жүгіру эстафетасы және ерлер 100м, 400м, 1500 метр, қыздар 100м,400м, 800 метр қашықтыққа жүгіру), шахмат, арқан тарту, қол күрес, жүзу түрлерінен бақтарын сынады.

 




Яндекс.Метрика