Білім беру

Қазақстанда жаңа жоспар бойынша «Болашақтың» 137 стипендиясы мақұлданды

Қазақстанда жаңа жоспар бойынша «Болашақтың» 137 стипендиясы мақұлданды.Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 17:36

«Болашақ» бағдарламасы еліміздің индустриялдық-инновациялық дамуымен біте қайнасып жатыр. Сол себепті мамандарға қажетті сұранысты анықтау мәселесін ұдайы жетілдіре отырып, біз осы комиссияда мамандарды даярлау жұмысын пысықтаудамыз. Конкурстық іріктеу деңгейін жетілдіру бойынша нақты іс-шаралар қолға алынды. Биылдан бастап үміткерлердің шет тілін білу деңгейіне, дипломның орташа балы мен жұмыс өтіліне қатысты талаптар өзгертілді», - деді мемлекеттік хатшы.

Г.Әбдіқалықованың айтуынша, «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізілетін болды.  

«Жыл басынан бері «Болашақ» бағдарламасы 2016-2020 жылдарға арналған «Болашақ» халықаралық  стипендиясы жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істейді, онда оның жаңғыртылуының негізгі бағыттары көрсетілген. Осы жылы аталмыш жоспардың жүзеге асырылуына еірісіп кеттік, бірқатар өзгерістер енгізілді, ағылшын тілі мен еңбек өтіліне ерекше мән берілді. Инженерлік-техникалық жұмысшысы магистратураға енгізілді – ол өндірістегі адамдар үшін тамаша мүмкіндік болып отыр», - деді БҒМ «Халықаралық бағдарламалар» АҚ президенті Ғани Нығыметов.

Отырыс барысында 2016 жылдың 11 сәуірі мен 13 мамыры арасында құжаттарды қабылдаудың алғашқы кезеңі өтті, байқауға 216 үміткер қатысты, оның ішінде республикалық комиссия 137-не стипендия тағайындады.

«Тағылымдамадан өтуде 29 стипендиаттың 28-і дәрігер. Магистратура мамандығына стипендияны инженерлік-техникалық мамандық, IT, геология, өндірістік инженерлер алды», - деді ол.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика