Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Қазақстан Орталық Азияда ядролық арсеналды таратпау саласында Еуроодақтың ең маңызды әріптесі болып табылады

Ұлт Көшбасшысы - ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының аналитикалық орталығы Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен бірге Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың қолдауымен «Манифест «Әлем. ХХI ғасыр- қауіпсіз жаһандық дамудың жаңа парадигмасы» тақырыбында халықаралық конференцияны ұйымдастырды.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 17:24

Конференция барысында Мемлекет басшысының «Әлем. ХХI ғасыр» Манифесінің жоғары маңыздылығы талқыланды. Ғалымдар мен сарапшылар, жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесін, халықралық қауіпсіздіктің механизмін, бірлесіп жасалған саралау жұмысы және жаңа жолдарды жасауды қарастырды.

«Әріптестік және ынтымақтастық шешім туралы келісім күшіне енгеннен кейін халықаралық қауіпсіздіктің түрлі мәселелері бойынша ЕО мен Қазақстанның ынтымақтастығын басқару мен одан әрі дамуына жаңа мүмкіндіктер ашты. Көбінесе, ядролық қаруды таратпау режимін нығайту. Осы көзқараста Қазақстан ЕО пен ОА маңызды серіктесі болып табылады. Қазақстан - уран кенін экспорттаушы және уранның ірі қорлары бар. Серіктес ретінде Қазақстанның маңыздылығы таратпау саласында өінің мінез-құлық тарихының көбейуі. Қазақстан тәуелсіздігін алғанна кейін ядролық арсеналдан бас тартқан елдің керемет үлгісі ғана емес, ол Орталық Азияда ядролық қарудан азаттықтың аймағын  құру туралы маңызды бірқатар бастамаларды әкелді»,-деді Өкілетті министр, Қазақстан Республикасындағы Саясат, баспасөз және ЕО Өкілдігінің ақпарат бөлімінің басшысы Камен Величков.

Оның айтуы бойынша, ЕО мен Қазақстанның ынтымақтастығы аясында таратпау саласында өзгерістерді, сондай-ақ жаңа бағыттарды айтып өтуге болады,өйткені Қазақстан таратпау саясатын дәйекті ұстанады және оған көптеген фактілер дәлел болады.

Қазақстаннан АҚШ пен ЕО-да жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері бойынша баяндамаларымен саяси қызметкерлер мен атақты сарапшылар сөз сөйледі.

Айта кетейік, Қазақстан Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен ынтымақтастық туралы келісімге 1995 жылы қосылды. 2015 жылдың 9 желтоқсан айында Астана қаласында қызметті әрі қарай жалғастыру бойынша Келісімге қол қойылды.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика