Евразиялық одақ

М.Әшімбаев пен А.Ничкасов ЕАЭО аясында Қазақстан мен Беларусия қарым-қатынасын нығайту мәселелерін талқылады

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасовты қабылдады.
Нұр-Сұлтан 20 Маусым, 17:02

Тараптардың әңгімелесулері барысында екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Беларусь сенімді саяси және экономикалық серіктес екені, әсіресе Еуразиялық экономикалық одақ аясында тығыз өзара іс-қимыл жасаушылар екені аталып өтілді, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Кездесуде екі ел арасында сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың сәтті дамуы жоғары деңгейде екені де айтылды. Екі елдің парламенті мемлекет басшылардың бастамаларын заңнамалық тұрғыда қолдап, өзара қарым-қатынасты нығайтатыны туралы да сөз болды.

Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы Б.Ізмұхамбетов бастаған Қазақстан парламеті делегациясының Беларусь еліне ресми сапары мәселесі де қозғалды. 





Яндекс.Метрика