«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

ҚР СІМ көрші елдердің басқа да инфрақұрылымдық бастамаларымен «Нұрлы жолды» түйіндестіру бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізуде

Қазіргі уақытта көрші елдердің басқа да инфрақұрылымдық бастамаларымен «Нұрлы жолды» түйіндестіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, деп ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанада халықпен есептік кездесу барысында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 16:31

«Біздің басқарма жұмысының маңызды функционалдық басымдылығы инфрақұрылымының құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан теңізге шығу мүмкіндігі жоқ ең ірі мемлкет, сол себепті негізгі экономикалық нарықпен Қазақстанды инфрақұрылымдық тоқайластықты қамтамасыз ету негізгі тапсырмалардың бірі болып келеді және ол толығымен өсімнің тапсырмасын орындауға түрткі болады. Сол себепті біздің дипломатияның «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруда қатысуы үлкен маңыз береді»,-деді министр.

Министрдің айтуы бойынша, қазіргі күні көрші елдердің басқа да инфрақұрылымдық бастамаларымен «Нұрлы жолды» түйіндестіру бойынша іздестіру жұмыстары белсенді түрде атқарылуда.

«Бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық бірлестіктер және жалпы еуразиялық кеңістік шеңберінде «Нұрлы жол» бағдарламасын белсенді жылжытып, ұштастыратын боламыз. Біз көршіміз шығыспен біздің инфрақұрылымдық жобалардың сәйкестігіне назар аударамыз, яғни Қытаймен. Сол себепті барлық экономикалық күш-жігердегі инфрақұрылымдық түйіндестіктің тапсырмасы алдағы жылдары да  басым болып қала береді»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика