Парламент

ҚР Парламентінде депутаттардың ресейлік делегациямен кездесуі болды

Парламентте Заңнама және сот-құқықтық реформа комиетінің хатшысы Светлана Бычкова бстаған бір топ Мәжіліс депутаты РФ Президентінің кеңесшісі Вениамин Яковлев бастаған «Ресей заңгерлер ассоциациясы» жалпыресейлік қоғамдық ұйымының делегациясымен кездесті.
Нұр-Сұлтан 20 Маусым, 15:37

Әңгімелесудегі негізгі тақырып заңнамалық бастама субъектілері, дайындау, заңды талқылау мен қабылдау, сот жүйесіне қатысты, кадр саясаты және соттарды тағайындау, соттардың тәуелсіздігін нығайту болды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Тараптар арасында сот шешімінің орындалуы, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, арбитражды соттар тақырыбы да әңгіме арқауына айналды.

Сонымен қатар, әңгіме барысында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамалық іс-әрекеттер мен осыған байланысты кадр саясаты, мемлекеттік қызмет, қоғам пікірі мен бақылау мәселелері де қозғалды.

Кездесу қортындысында тараптар өзекті мәселелердегі заңнамалық шешімдерге байланысты алдағы уақытта да пікірі алмасып, бүгінгідей Парламентте кездесулер өткізіп тұруға келісті. 





Яндекс.Метрика