Өңірлер

СҚО-да жыл басынан бері негiзгi капиталға бөлiнген инвестиция көлемi 34,6 млрд.теңгенi құрады

СҚО-да жыл басынан бері негiзгi капиталға бөлiнген инвестиция көлемi 34,6 млрд.теңгенi құрады, деп хабарлады СҚО әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан20 Маусым , 20:09

«Жедел статистикалық көрсеткiштер бойынша 2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында тұрғын үйдi iске қосу қарқыны 141,1% болса, ауыл шаруашылығы өнiмiнiң көлемi 2%-ға артқан», — дедi Марал Рыскелдiқызы.

Өнеркәсiп 66,6 млрд. теңгегенiң өнiмiн өндiрген. Тау кен өнеркәсiбiнiң көлемi 16,3%-ға артқан. Өндеу өнеркәсiбi саласында ұн тарту 30%-ға, ұзақ сақталатын кондитерлiк бұйым жасау, нан пiсiру — 5,2%-ға, сусын өндiру — 3,2 есеге, химиялық өнеркәсiп өнiмдерi (спирт, лак) — 3 есеге артқан.

Өндiрiс көлемiнiң өсу қарқыны Аққайын, Шал ақын, Қызылжар, Ақжар аудандарында байқалады.

2016 жылдың 1 маусымындағы мәлiметтер бойынша өңiрде iрi қара, қой, ешкi, жылқы және доңыз саны артқан.

Марал Нұржауыпова 2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында негiзгi капиталға бөлiнген инвестиция көлемi 34,6 млрд.теңгенi құрағанын да атап өттi.

Инвестиция дамуының жоғары қарқыны Ақжар (9,7 есе), Жамбыл (5,4 есе), Айыртау (1,8 есе) аудандарында көрiнiс тапқан.

Өңiр басшысы Петропавл қаласының және аудандардың әкiмдерiне барлық көрсеткiштердi назарда ұстауды тапсырды.




Яндекс.Метрика