Инвестициялар

Астанада негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 8% ұлғайды

Астана қаласы статистика департаментінің мәліметінше, 2016 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 211 936,3 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 8,2%-ға артық. Астананың республикалық көлемдегі үлесі - 9,3%, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 19:08

Инвестициялардың басым үлесі жекеменшік нысандағы кәсіпорындармен игерілді, бұл олардың жалпы көлемінің 78,5%-ын құрайды.

Қаржыландыру көздері бөлінісінде мемлекеттік бюджет каражаты 22,4%-ды, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты 61,7%-ды, банк кредиттері 2,3%-ды, басқа қарыз қаражаттары 13,6%-ды құрайды. 

 

 




Яндекс.Метрика