Инфрақұрылымның дамуы

Жыл басынан бері Астанада 8 мыңнан астам пәтер салынды

Астана қаласы статистика департаментінің хабарлауынша, барлық қаржыландыру көздері есебінен 8 564 пәтер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 964 254 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-мамыр деңгейінен 25,8%-ға артық, деп хабарлады қала әкімдігі.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 15:19

Жеке салушылармен жалпы ауданы 86 505 шаршы метр тұрғын үй салынған. Жалпы, тапсырылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 9%, 2015 жылғы қаңтар-мамырда бұл көрсеткіш 3,2% болған.

Сонымен қатар, 2016 жылғы қаңтар-мамырда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 53254,8 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 12,3% артық.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 25,1%-ды құрады.

 

 




Яндекс.Метрика