Халықаралық интеграция

Н.Ермекбаев:Қытай ОА елдерімен конструктивті ынтымақтастықта үлгі көрсетеді

Қытай Орталық Азия елдерімен конструктивті ынтымақтастықта үлгі көрсетеді. Біз Қытайдың ЕАЭО-пен өзара іс-қимылның жақсы мүмкіндіктерін көріп отырмыз. Яғни, жан-жақты бағыттағы ынтымақтастығымыз түрлі бағыттар бойынша біздің аймақтағы ивестициялық нарық үшін тиімді болмақ, деді Президент көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Нұрлан Ермекбаев жыл сайынғы Орталық Азиядағы қауіпсіздік бойынша XIV-ші конференцияда.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 13:04

«Орталық Азияның қауіпсіздігі тақырыбы күмән келтірмейді. Біз ОА-ң аймақтан алыс жерлердегі оұиғалардың әсер ететінін көріп отырмыз. Мсыалы үшін Ресейге қатысты санкция, Украинада болған оқиғалар, Таяу Шығыстағы, әрине Орталық Азияның қауіпсіздігі біздің пікірімізі бойынша ондағы мемлекеттердің халқына да байланысты. Қытай, Ресей, АҚШ сияқты мемлекеттер әрине, аймақтың қауіпсіздік жағдайын әсер етеді және мүмкіндіктері де бар. Сондықтан, ҚР Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында көтерген бастаманың өзектілігі арта түсетьіні сөзсіз. Әлемдік қоғамдастық дереу терроризммен, халықаралық экстремизммен күресте бірге қадам жасау керек. Бүгінгі таңда әлемде өз істерін жасап жатқан террорлық ұйымдардың келісілген тізімін дайындап, олармен үйлесімді саяси қарым-қатынас жасау арқылы тосқауыл қою керек»,-деді ол.

Н.Ермекбаевтың пікірінше, ШЫҰ, ЕЫҚҰ және тағы басқа осы сияқты ұйымдардың жан-жақтылы мүмкіндіктері ортақ халықаралық күш әлеуетінге ие. Қытай конструктивті ынтымақтастықта үлгі көрсетеді. Соңғы жылдары Қытай ОА мемлекеттеріне көрсетіп отырған методологиялық қажеттілік көлемі мен техникалық көмек, қауіп-қатер, наркобизнеспен күрес, заңсыз миграция тұрығысынан көмек бере алатын әлеуеті артты артты.

«ШЫҰ аясында барлық мемлекеттердің қорғаныс саласындағы ыгтымақтастығы дамыды. 2014-ші жылы Қытай аумағында террорстерге қарсы бейбіт миссиядағы оқу-жаттығыу жиыны өтті. Биыл осындай миссия Қырғызстан аумағында өтеді, деп жоспарлануда. Орталық Азия жағдайында түрлі факторлар әсер етеді, әсіресе діни саладағы ситуация бірінші орында тұр»,-деді ол.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика