Экология

Қазақстан Президенті барлық аймақты ағаш егумен айналысуға шақырды

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев барлық аймақты ағаш егумен айналысуға шақырды.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 12:37

«Егер Қазақстанның әр қаласы ағаш егумен айналысатын болса, сонда біздің ел жасыл әрі таза болады. Экологиямыз да тамаша болады, ал орман біздің қалаларымыздың «өкпесі» болып табылады. Осы жылдар тек Астананы ғана салған жоқпыз, екінші Бурабайды салдық. Бұл мені үнемі қуантады. Әр адам астанаға ұшып келе жатып, айналадағы орманды көреді. Орман қала сиқяты тақыр далаға егілді. Біз иен далаға орман өсіруге болатынын дәлелдедік. Осылайша біз, мүмкін емес дүниелердің мүмкін екенін дәлелдеп келеміз»,-деді Н.Назарбаев Астана орман алқабына барған сапарында.

Еске сала кетейік, 1997-2016 жж. кезеңінде Астананың жасыл аймағы 75,1 мың гектарды құрады. Оның 14,8 мың гектары қала ішіне орналастырылды. Олар астана әкімдігінің қарамағына берілген.

Алдағы уақытта Астана жасыл аймағын Ақмола облысының Ақкөл орманымен біріктіру жоспарлануда.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика