Қазақстанның Тәуелсіздігі

ОҚО-ның Шаян ауылында Тәуелсіздік алаңы ашылды

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Тәуелсіздік алаңы ашылды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область20 Маусым , 14:32

Ел мерекесі қарсаңында, ауданда жыл соңына дейін 25 нысанды халық илігіне тапсыру жоспарланса, бұл алаң соның алғашқысы болып табылады.

Заманауи лэд-экрандар орнатылған нысанға жергілікті бюджеттен 20 млн.нан астам теңге қаралған. Жұмыстарды «Север-Юг Универсал» ЖШС-і жүргізді. Көлемі 120х70 метр болатын алаңға 4 мыңнан астам халық сияды. Жаңа нысанның арнайы жабық сахнасы бар. Сонымен қатар, Бәйдібек ауданының тарихы мен Егемендік алған жылдардан бергі аудан жетістігі арнайы баннерлерге жапсырылып, алаңды қоршай орналасқан.

Айта кеткен жөн, бұл күнге дейін аудандағы түрлі маңызды мәдени іс-шаралар Бәйдібек аудандық әкімдігінің алдындағы алаңда өткен болатын. Енді жаңа құрылғылармен қамтамасыз етілген Тәуелсіздік алаңы Бәйдібектегі барлық мерекелік шаралардың куәсіне айналатын болды.




Яндекс.Метрика