Экология

Н.Назарбаев: Астананың «жасыл белдеуі» Ақмола облысындағы Бурабай ұлттық табиғи паркімен бірігеді

Астананың «жасыл белдеуі» Ақмола облысындағы Бурабай ұлттық табиғи паркімен бірігеді, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жасыл аймағына барған сапарында.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 12:18

«Астана орманы орманшылардың,ғалымдар мен жұмысшылардың  ерен еңбегімен құрылды. Орман отырғызу өте күрделі еңбекті қажет етеді. Оны баладай күтіп, қарау керек. Алғашқы жылдары жерді өңдеп, құнарландырып, суарып отыру қажет. Бұл арада 73 мың га ағаш отырғызылған, жыл сайын  5 мың га жер отырғызылуын қадағалап отырамын. Бұл көлем бурабай ұлттық паркінің көлемімен пара-пар. Бұл аймақта екінші Бурабай құрылды», - дед Н.Назарбаев.

Елбасы айтып өткендей,  қазір «жасыл» аймақты бурабай орманымен біріктіру мақсаты тұр.

«Шортандыға дейін 100 шақырым тартылды. Келесі жылы бұл орман Бурабайға дейін тартылады», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, ол Қарағанды, Павлодар, Қостанай бағыттарына дейін созылады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика