Халықаралық интеграция

Е.Карин: Қытаймен ынтымақтастықта жаңа технология саласында үлкен әлеует салынған

Қытаймен ынтымақтастықта үлкен әлеует салынған. Осындай ойымен ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Карин өтіп жатқан XIV ОА қауіпсіздік мәселесі жөніндегі конференцияда мәлім етті.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 12:08

«Бүгін Қытай – жаңа технологиялардың көзі. Біз Қытайдың тәжірибесін, технологиясы мен мүмкіндіктерін пайдалануға тырысамыз. Көптеген Қазақстанда жұмыс жасап жатқан қытайлық компаниялар және жалпы алғанда екі елдердің ынтымақтастығы құрылыс, инфрақұрылымдық салада даму үстінде. Біз оны әрі қарай қолдауымыз керек. Менің ойымша, көлік және транзиттік салаға үлкен әлеует салынған, өйткені,  біздің аймақтың көлік дамуы мен транзиттік мүмкіндіктерін, экономикалық тиімділікті барлық елдер алады және көбінесе Қазақстан»,-деді Е.карин.

ҚЗСИ директоры сөз барысында Қытай өте әдепті және ұқыпты сыртқы саясатты жүргізіп жатқандығын айтып өтті.

«Олар өздерінің рөлі экономикалық мүмкіндікпен шектетілгендіктерін айтып өтуде. Қытай саясатының кредосы, оның өзгешелігі – бұл прагматизм. Қытай нақты объективті мүдделерге негізделген.Осыған орай, менің ойымша, Орталық Азия аймақтарында Қытайдың жүзеге асырып жатқан инвестициялары экономикалық жоба болып табылмайды, тіпті осы аймақтың ұзақмерзімді қауіпсіздік инвестициясы да емес»,-деді ол.




Яндекс.Метрика