Ұлтаралық бірлік

Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

Қостанайда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.
Қостанай20 Маусым , 20:43

Іс-шараға ОҚХА облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, қалалық, аудандық Қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері, ОҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшелері, этномәдени бірлестігінің өкілдері, БАҚ қатысты, деп хабарлады ҚХА ресми сайты.

 «Облыста 268 Қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді, оның бесеуі биыл құрылды. Олардың жұмысына екі мыңға жуық адам қатыстырылды. Қоғамдық келісім кеңестерін 49 мектеп директорлары, 38 өңірлік Ардагерлер кеңесінің төрағалары және мүшелері, 10 ЖШС директорлары, 19 шаруа қожалығының басшылары басқарып отыр», - деп Гүлвира Жазитқызы атап өтті.

Сондай-ақ Кеңес төрағалары ішіне аудандық маслихат депутаттары және хатшылары, балабақша меңгерушілері, бас дәрігер және педагогтар, ауылдың құрметті тұрғындары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары кіреді. Бір сөзбен айтқанда – олар қоғамдық-саяси ұстанымы бар қоғамдық ой-пікір басшылары. 

 Бүгінгі күні Кеңестің ұлтаралық бірлікті және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған 300-ден артық отырысы өтті. Мысалға, Жітіқара ауданында әлеуметтік серіктестік бойынша бірлескен комиссия отырысы өтті, ол жерде жергілікті кәсіпкерлердің  еңбек ақы бойынша берешек туралы мәселе қарастырылды. 

 Ал Қарасу ауданында ҚКК мүшелері ауылдық аймақтық округтерде мұқтаж адамдарға көмек көрсету бойынша «Жылу» қайырымдылық акциясын,            1- наурыз күні басанған аналар үшін «Сүйінші» акциясын өткізді.  Қарабалық ауданында жасы үлкен кісілерге, дәулетсіз отбасыларына көмек көрсету   «Қазақстанның бірыңғай халқы» атты акциясы өтті.  ҚКК әрекетті қолдауы арқасында Алтынсарин ауданының аудандық балалар кітапханасының ғимараты талаптарға сай келтірілді. 

Рудный индустриалдық институтында облыстық ҚКК мүшелерімен «Қазақстанның ұлттық бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісі» атты тақырыбы бойынша «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Сондай-ақ ҚКК мүшелері «Бір шаңырақ астында» атты мектептердің сынып сағаттарына, кездесулеріне және сұхбатына қатысты. Қоғамдық келісім кеңестері құрамына кәсіби және кәсіби емес медиаторлар енгізілді.

Облыстық Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары, «Қостанай облысының Медиаторлар ассоциациясы» қоғамдық қорының президенті Сергей Богатырев медиативті кеңес жұмысы уақытында ұлтаралық шиеленісті шешу жағдайы болмағанын айтты. Бұл біздің өңірдегі жағдай тұрақты екендігін білдіреді және біз оны әрі қарай нығайту үшін тұрғындармен семинарлар, кездесулер өткізіп отырамыз, - деді С. Богатырев .

Отырыс соңында Ақтөбе қаласында орын алған террористік әрекетке қарсы үндеу қабылданды.

«Біз барлығымыз лаңкестіктің таралуына қарсы тұруымыз қажет, барлық қазақстандықтарды біздің бірлікті, тыныштықты және келісімді сақтап, нығайтуға шақырамыз», - деді КинЭУ жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, ОҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі Ольга Евдокимова.

 




Яндекс.Метрика