Инвестициялар

5 жылдың ішінде Қазақстанға Қытайдан келген шетелдік инвестициялардың жалпы үлесі 10 млрд долларды құрады

2010-2015 жылдар ішінде Қазақстанға Қытайдан келген шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 10 млрд долларды құрады және аталмыш көрсеткіш бойынша Қытай 4-ші орында тұр, деп ҚСЗИ директорв Ерлан Карин Орталық Азия қауіпсіздігі бойынша жыл сайынғы ҚСЗИ XII конференциясы барысында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 11:43

«2016 жылдың басында Қазақстанда барлығы 668 қытай компаниясы жұмыс жасады, 2013 жылмен салыстырғанда оның саны барлығы 35 пайызға өсті. 2010-2015 жылдар ішінде Қазақстанға Қытайдандан келген шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 10 млрд долларды құрады және  аталмыш көрсеткіш бойынша Қытай 4-ші орында тұр, ал үштіктер үздігі – Нидерланды (шамамен 44 млрд долл), АҚШ (14,2 млрд долл) және Швейцария (13,2 млрд долл)»,-деді Ерлан Карин.

Е.Кариннің айтуы бойынша, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың өсуіне орай, қытай бизнесі біздің елімізде өсімін табуда.

«Екінші жағынан алып қарағанда, қытайлық бизнеске басқа шетелдердің тәсілдері мен стандарттарын қолдану керек, көбінесе батыс компанияларының. Өйткені, көп жағдайда қытайлық компаниялар өздері резонанстық жағдайларда өздері кінәлі болып жатады, соның салдарынан еңбек ұжымдарымен механизмдік жұмыстың болмауы, әлеуметтік жобалардың санының жетіспеу болады»,-деді сарапшы.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика