Экология

ҚР Президенті Астананың «жасыл белдеуін» аралады (ФОТО)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың «жасыл белдеуін» аралады. Оның дамуы бойынш кеңес өткізілді. Аталмыш сапар аясында Президент «Жасыл аймақ» РМК «Ақ қайың» орман тәлімбағы мен ағаш-тұқым плантациясының жұмысымен танысты.
Нұр-Сұлтан 20 Маусым, 11:24

2016 жылы отырғызу жұмыстары Астананың 5 шақырымдық аймағының 1410,8 га алаңына отырғызылды, оның ішінде батыс бағытында – 1081 га, шортандыда -329,8 га. Екінші кезең бойынша отырғызу 2683,7 га жерге, Майбалық өзені жағалауында – 437,9 га, қарағандылық бағытта-540,4 га, шортанды бағытында-1705, 4 га отырғызылды.

Жалпы, 1997-2016 жылдар аралығында Астананың жасыл белдеуі алаңы 75,1 мың га жерді құраса, оның 14,8 мың гектары қала жанында қүрылып, әкімдік қарамағына берілді.

Бүгінгі таңда ағаш-тұқым плантациясында 61 тал-ағаштың түрі бар, ол 155 га алып жатқан 50 мың дананы құрап отыр.

Астана жасыл белдеуінің пайда болуы жабайы аңдардың дамуына септігін тигізді. Бүгінде жасыл аймақта маралдар, бұғылар, суырлар, қояндар, қарсақтар мен тышқандар бар.

Оған қоса, туризмді дамыту мақсатында  2014 жылы Қызылжарлық орман шаруашлығы аймағында «Жасыл аймақ» РМК 3 га жеріне Сафари-саябақ құрылды. Бүгінгі таңда Сафари-саябақта 13 марал тұқымы мен америкалық кермарал бар.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика