Халықаралық интеграция

Ч.Ханьхуэй: Қытай Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға барлық күш-жігерін бағыттайды

Қытай Халық Республикасы Орталық Азиямен өзімшіл мақсаттарды көздемейді және аймақпен ынтымақтастықты нығайтуға барлық күш-жігерін бағыттайды, деп Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй Астанада өтіп жатқан Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жыл сайынғы XII конференция барысында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 11:09

«Біз аймақтың ықпалын талап етпейміз және өзімшіл мақсаттарды көздемейміз. Барлық ынтымақтастық өзара әрекетке  негізделген. Біз тығыз қатынасты және барлық мемлекеттермен ынтымақтастықты қолдаймыз. Бізде басқа елдермен де диалог бойынша жақсы механизмдер бар, мысалы, Ресеймен, АҚШ-пен және ЕО»,-деді Қытай елшісі.

«Біздің ойымызша,  бірлескен күшті тек аталмыш елдерге бағыттап қана қоймай, Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдауда барлық халықаралық қоғамға да бағыттауымыз тиіс және бұл өте маңызды. Осы аймақ бойынша бейбіт саясатымызды өткізетін боламыз»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша, Жібек жолының экономикалық белдеуін құру бастамасын іске асыру Қытай үшін ғана маңызды емес, сонымен қатар барлық мүдделі елдер үшін де.

«Оны құрудың маңызды алғышарты, әрине, қауіпсіздік. Қытай үкіметі Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға барлық күш-жігерін бағыттайды»,-деді Ч. Ханьхуэй.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика