ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Жамбыл облысында мия тамырын өңдейтін зауыт пайда болады

Жамбыл облысында мия тамырын өңдейтін зауыт пайда болады. Жылына 2500 мың тонна мия тамырын өңдеу жоспарланған.
Жамбыл 20 Маусым, 14:48

Мия тамырын өңдеуге бағытталған бұл жоба өткен жылы Шу ауданында қолға алынған болатын. Зауыт құрылысы үшін "Kaz Mia" ЖШС-не 5 мың гектар жер телімі бөлінген.

Жоба Қазақстан Республикасының 2015 - 2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына кірді. Жалпы құны - 600 млн. теңгені құрайды.

Өткен жылы жапон мамандары заманауи құрал-жабдықтарды орнатып, мия тамырын өңдеу жұмысын алғашқы сынақтан өткізді. Инфрақұрылым үшін жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға жіберілді.

Бүгін мия түбірлерін жинау және сақтау бойынша кәсіпорын қоймаларында 20-дан астам адам еңбек етуде. Кейін зауыт толық қуатымен жұмыс істей бастайғанда, тағы 60 адам жұмысқа орналастырылады.

Зауыттың өнімі ішкі рынокке және экспортқа бағытталған. Сұранысы өте жоғары болғандығынан мия тамыры сығындысының өндірісі кеңейетін болады.

Бұл зауыт ағымдағы жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде.





Яндекс.Метрика