Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанның ОААЭЫ елдерімен тауар айналым көлемі бес жылда 17,5 млрд. доллардан 22 млрд. долларға дейін артты

Қазақстанның Орталық азиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы елдерімен тауар айналым көлемі 2010-шы жылдан 2015-ші жылға дейінгі аралықта 17,5 млрд. доллардан 22 млрд. долларға дейін артты, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Астанадағы «Аймақтық экономикалық өсім үшін зияткерлік ынтымақтастық» атты Орталық Азия сараптамалық орталықты дамыту І Форумында.
Нұр-Сұлтан20 Маусым , 10:04

«ОААЭЫ аймағы Еуразиялық континенттің жылдам дамушы орталығында орналасқан. Қазақстан оның бағдарламасының құрылған кезінен бастап белсенді қатысушысы болып келеді. Елдер бірлесіп көліктік инфроқұрылымды жақсарту мақсатында және барлық аймақтарда сауда жүргізудегі бөгеттерді қысқартты»,-деді Т.Жақсылықов.

Оның айтуынша, 2001-ші жылман 2015-ші жылдары Қазақстанда 6 жоба жүзеге асырылып, 23 жоба жүзеге асырылу сатысында. Ол энергетика, көлік және саудадағы көмектесу жобалары.

«Қазақстанның географиялық орналасу жағдайын ескерсек, аймақтық ынтымақтастықты нығайтуда және экспорттық-логистикалық дәлізді құруда маңызды рөл атқарады. Атап өту керек, ОААЭЫ-мен бірлескен ірі жобалардың бірі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта құру жобасы. Бұл халықаралық транзиттік дәліз арқылы қазақстандық бөлікте жүк тасымал қозғалысы артып, Орталық Азия елдерімен жүк тасымал айналымы артады. Сондықтан, Қазақстан аймақтық ықпалдастыққа ерекше көңіл аударады және ықпалдастық процестеріне қатысуға тырысады. Сонымен қатар, біріккен экономикалық серіктестікті қалыптастыруға белсенді атсалысады. Осы арқылы еркін тауар қозғалысы, қызмет, капитал мен жұмыс күші қамтамасыз етіледі»,-деп атап өтті ол.

Вице-министр Қазақстанның Орталық азиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы елдерімен тауар айналым көлемі 2010-шы жылдан 2015-ші жылға дейінгі аралықта 17,5 млрд. доллардан 22 млрд. долларға дейін артқанына назар аударды.

«Қазақстанның негізгі сауда серіктесі аймақта Қытай болып қала береді. Кейінгі дағдарыс кезінде тауар айналым қарқыны айтарлықтай бәсеңдеп қалды. Бізге ОААЭЫ елдерімен экономикалық ынтымақтастық пен ықпалдастықты нығайтып, жаһандық экономикалық жағдайдан шығып алу керек»,-деді ол. 




Яндекс.Метрика