ҚР Президентінің Жолдауы

М.Сарыбеков: Жұмыс мамандығы қазақстандық қоғамда бәсекеге қабілетті

Эксклюзив
Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметқали Сарыбеков Strategy2050.kz АА берген сұхбатында тегін кәсіби-техникалық білімнің өзектілігі туралы өзіннің ойын айтып өтті.
Нұр-Сұлтан 20 Маусым, 10:54

Бүгін қоғам арасында жоғары білімі бар мамандардың тым артық болуы және жұмыс мамандарының аздығы кеңінен талқылануда. Мемлекет басшысы 2015 жылдың 30 қараша айында халыққа жолданған Жолдауында қазақсандық жастарды жұмыс мамандарын белсенді білуге шақырды.  Мемлекет басшысының стратегиялық құжатында 2017 жылдан бастап жаңа жоба «Барлығына тегін кәсіби-техникалық білім беру» аяқ басатыны айтылды. ҚР Үкіметіне осы жобаны әзірлеу тапсырылды.

Барлығына тегін кәсіби-техникалық білім

«Шынымен, ҚР Президенті Н.Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа жолдаған Жолдауында 2017 жылдан бастап тегін кәсіби-техникалық білім жүйесі енгізілетіндігін айтты. Менің ойымша, бұл дұрыс және уақытылы жасалған шешім. Білім беру саласында 35 жылдай еңбек етіп келемін. 2009-2012 жж білім және ғылым вице-министрі болып жұмыс істеген кезімде, жастар өз мамандықтарын таңдау кезінде қай басшылыққа жүгінетіндігі бойынша әр түрлі аймақтарда сауалнама-мониторинг жүргіздік.  Көп жағдайда түлектер мамандықты ата-аналардың, туыстарының айтуы бойынша таңдайды.

Болашақ мамандықты таңдаудың жүйесі

- Бүгін нақты жүйе бар және ол жас буынға мамандық таңдауға көмектеседі. Біріншіден, нарық жолында қай мамандықтың көп сұранысқа ие екендігін білуі керек. Екіншіден, қазақсандық қоғамда қай мамандық бейімделгенін білуі керек, үшіншіден, мемлекетт тарапынан қай мамандықтың әлеуметтік қорғаныста екендігін анықтау керек. Егер жастар осы айтылған үш мәселеге дұрыс жауап тапса, онда ол өз мамандығын дұрыс таңдай алады.

Барлық осы мәселелрге дұрыс жауапты тегін кәсіби-техникалық білім береді. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандық таңдай отырып, болашақта жастар жұмыссыз қалмайды. Ол мамандықтар еңбек нарығында сұранысқа ие және мемлекет тарапынан қорғалған. Айта кетейін, ҚР индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жоғары білімі бар мамандықтарды қажет етпейді, керісінше орта-классты инженерлер мен жоғары білікті жұмыс күшін қажет етеді. Осындай жұмыс кадрлары тек техникалық кәсіби білімде даяланады.

Қазақстанда білім беру жүйесінің кезеңмен дамуы

- Мүмкін, аталмыш жобаны ертерек енгізу керек пе еді. Бюджетте көп жағдайда 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» атты мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету бағдарламасына үлкен қаражат бөлінеді. Содан кейін «100 метеп – 100 аурухана» бағдарламасы іске қосылды. Оның барлығы кезеңмен өтті, мүмкін қаражат та жетпей қалды. Ендігі кезеңде тегін кәсіби-техникалық білім беру бағдарламасын іске асыру тұр. Мектепте жұмыс істей келе, мектеп түлектері мен ата-аналар жоғары білім алуға мүдделі. Мен көп жағдайда ата-аналар өз балаларын ЖОО-ға беруге тырысатынын бақылаймын.Көп жағдайда ақысы аз жеке мекемелерге қызығушылық білдіріп жатады. Оларға бірінші кезекте диплом мағңызды. Екінші жағынан түлектердің өздері болашақта сол дипломмен жұмысқа орналаса алады ма жоқ па ойламайды. Қазір, тегін кәсіби-техникалық білім беру бағдарламасы іске қосылғаннан кейін, көбіне ауылдық жастар ТжКБ саласына баратын болады.

Халықаралық мамандықтарды таңдау үрдісі

- Бұрындары барлығы экономист, халықаралық, заңгер мамандықтарын, қаржы, менеджмент мамандықтарын таңдады. Қазір ол өзгеруде. Оны бесінші таңдалған пәннен білуге болады. Соңғы үш жыл ішінде Тараз қаласы мен облыс түлкетері тараз мемлекеттік университеті базасында ҰБТ мен КТА тапсыруда. Бесінші пәнді таңдауда бірінші орында физика, екінші-биология. Адамдар халықаралық мамандықты таңдауда, жұмыссыз қалатындығын түсінуде. Барлығы холдинг пен компанияларда жұимыс істей алмайды.

Өтемақы

- Техникалық мандары бар түлектер еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Қазір өтемақы жұмыс берушіге байланысты. Мысалы, біздің аймақта көптеген ұйымдар бекітілген төлемақыдан саралаланған еңбекақы төлеу жүйесіне көшуде.  ЖОО-ны жақсы бітіргендер өз мамандығының кәсіби шебері болады, және оның жұмысы жоғары бағаланады.

Ботагөз Айтжанова

Жеке мұрағаттан алынған сурет

 





Яндекс.Метрика