Басқару

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Алматыдағы қорғаныс-өндірістік кешені кәсіпорнында болды

Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Нұрлан Ермекбаев 18-ші маусым күні Алматыда орналасқан қорғаныс-өндірістік кешені кәсіпорынында болды.
Алматы қаласы20 Маусым , 09:17

Өнідірісті көріп, кәсіпорын басшыларымен әңгімелесу барысында Н.Ермекбаев қазақстандық «қорғаныстың» қолда бар ғылыми-технологиялық әлеуетін атап өтті.

Сонымен қатар, осы бір ғылыми сала еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға лайықты деңгейде үлес қосып, отандық өңдеу өнеркәсібінің дамыған «локомотиві» болуы керектігін айтты. Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан бұл мәселеге ерекше мән берілмек.

Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында сериялық тұрғыда өндіру жоспарланған әскери жаңа өнімдер таныстырылды. 




Яндекс.Метрика