Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің делегациясы қазақстандық әріптестерімен қоғамдық тәртіпті нығайту мәселесін талқылады

Астана мен Алматыға ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің делегациясы ресми сапармен келді, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Казахстан25 Қараша , 10:50

«Екі жақты кездесуде қоғамдық тәртіпті нығайту, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және де аталмыш саладағы екі жақты әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.

Алматыға келген Қытай делегаттары қаланың ішкі істер департаменті басшылығымен кездесіп, ІІД нысандарын аралады. Сонымен қатар, ҚХР ҚҚМ делегаттар штабы Ішкі істер министрлігінде әкімшілік және қылмыстық полиция комитеті басшылығымен кездесті.

Бұдан бөлек қытайлық мамандар ІІМ жедел басқару орталығы мен Астана қалалық ІІД-ін, ІІМ жедел-қылмыстық департаменті лабораториясын, сондай-ақ Астана қалалық мамандандырылған ХҚКО аралады.




Яндекс.Метрика