Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

ҚР-да сот бақылауын тергеу судьясы өткізетін болады – С.Байбатыров

Қазақстанның сот жүйесіндегі жаңа өзгерістер туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасның Судьялар кеңесінің төрағасы Серік Байбатыров мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан21 Қараша , 16:16

«Өздеріңізге де мәлім, қазір тұтқынға алу санкциясын судьялар береді. Мұндай санкция түрлі процессуалдық істерге тарайтыны анық. Сот бақылауын тергеу соты өткізетін болады. Ол алдыңғы тергеу ісін бақылап отырады. Өйткені көптеген істер бізге кемшіліктер мен қателіктерге толы болып келеді», - деді С.Байбатыров.

Оның айтуынша, кеңес үкіметі кезінде партиялық органдар тарапынан сот қызметін қадағалау болған.

«Атқарушы билік органдары тарапынан бүгінгі таңда соттарға қысым көрсетілмейді», - деді судьялар кеңесінің төрағасы.

Сонымен қатар, ол Жоғарғы сот пен Үкіметке тапсырылған жаңа азаматтық іс жүргізу кодексінің негізгі ұстанымдарын таныстырды.

«Көптеген мәселелер медиация сотымен шешілуі керек. Сотқа ұсынуды қажет етпейтін көптеген ұсақ оқиғалар бар. Мұндай жағдайларды сотқа жүгінбей-ақ шешуге болады.

Бірнеше жыл бұрын бізде азаматтық іс жүргізу кодексі жұмыс істеді. Онда Жоғарғы сотқа көптеген істер жеткен де жоқ. Яғни, 10 млн теңгеге дейінгі жанжалдар облыстық сотта қаралды», - деді Байбатыров.




Яндекс.Метрика