Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

ҚР-да ЖКО-ның топографикалық сараптамасын енгізу жоспарланып отыр – М.Демеуов

Қазақстанда ЖКО-ның топографикалық сараптамасын енгізу жоспарланып отыр, деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов ОКҚ брифингінде.
Казахстан20 Қараша , 17:23

«ЖКО-ның топографиялық сараптамасын енгізу жоспарланып отыр. Алдын алу шараларының ең тиімді жолы әкімшілік мәжбүрлеу. Әкімшілік мәжбүрлеуді күшейтудің арқасында 2007-2010 жылдар аралығында апаттардың саны едәуір артқанын байқадық», - деді М.Демеуов.

Сонымен қатар, Парламенттің қарауында жатқан «Жол қозғалысы туралы» заң жобасында жүргізушілердің жауапкершілігі қаталдатылады.
«Сондай-ақ, бұрын тек айыппұлмен ғана құтылатын жағдайларда енді қазір үшінші рет қайталанатын барлық ереже бұзу жағдайында 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айыру енгізілуде», - деді бас полицейдің орынбасары.

Демеуовтың айтуынша, автокөлік басқарып келе жатып үш рет ұялы телефонмен сөйлесіп қолға түскен жүргізушілер жарты жылға дейін көлік басқару құқынан айырылмақ.
Бұдан бөлек жылдамдықты арттыру, қызылға өтіп кету, көлік айдап келе жатып телефонмен сойлесу жағдайларындағы айыппұл құны да көтерілмек.

«Мысалға, жылдамдықты 10-20 км/сағат артық қосқан адам 5 АЕК-тен 10 АЕК-ке дейін айыппұл төлеп келді, ал жаңа заң бойынша бұл жаза 9 айға дейін жүргізуші куәлігінен айыруға алмастырылады. Қарсы бетке өтіп кеткен жағдайда қазір 15 АЕК төленетін болса, жаңа заңда мұндай тәртіпсіздікке барған адам бір жыл бойы көлік жүргізу құқынан айырылмақ», - деді вице-министр.




Яндекс.Метрика