Жамбыл облысында шойын жолға қажетті қосалқы бөлшектер дайындайтын зауыт бой көтереді

Жамбыл облысында шойын жолға қажетті қосалқы бөлшектер дайындайтын зауыт бой көтереді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының әкімі Нүркенов Бақытжан Балтабайұлы айтты.
Жамбыл18 Сәуір , 10:48

«Бизнестің жол картасы-2020» біріңғай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында аудан бойынша 2012-2015 жалпы сомасы 1404,0 млн теңгені  құрайтын 8 жоба жүзеге асырылды.

Бағдарламаның  1 бағыты- «Жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау тетігі бойынша жалпы сомасы 24,0 млн. тенгеге 5 жоба, Инфрақұрылымдыдамытуға 1377,0 теңгені құрайтын 2 жоба болса, грантқа ие болған 3млн теңгеге 1 жоба жүзеге асырылып отыр. Соңғы 2015 жылы 2 жоба  13 млн теңгеге сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау тетігі бойынша несие алды.

«Шығанақ ауылында бой көтергелі отырған шойын жолға қажетті қосалқы бөлшектер дайындайтын станоктарды жинақтау зауыт құрылысы, жоба инициаторы «Қазақстан теміржолшылар тобы» ЖШС-гі. Жоба құны          800,0 млн.тн,  жоба толық қуатына 2019 жылы 720,0 млн теңгеге жеткізіліп,  120 тұрақты жұмыс орындары ашылуы жоспарланып отыр»,-деп қорытындылады спикер.

 




Яндекс.Метрика