Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

Ақтөбеде жас кәсіпкерлердің I шекарааралық бизнес форумы ашылды

Бүгін, 19 қараша күні Ақтөбеде «Іскер жастар»аттыжас кәсіпкерлердің I шекарааралық бизнес форумы» ашылды, деп облычтың ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Ақтөбе19 Қараша , 11:05

«Аталған шараға Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Әбдібеков, облыстық басқарма басшылары, форум қонақтары: Қазақстан іскер әйелдірдің әлеуметтік жобалар Ассоциациясының кординаторы Р.Жакупова, «Даму» ФРП» АҚ филиалының директоры Ж.Н.Мурзагалеева, Ақтөбенің жас миллионер Марат Абиев, сонымен қатар, Атырау, Батыс Қазақстан аймағының және РФ Орынбор облысы, Ақтөбе қаласы мен аудандарыныңжас жұмыс жасап жатқан және бастауыш кәсіпкерлердің қатысуымен өткізілмек», - делінген хабарламада.

Форум аясында арнайы Израиль Мемлекетінің Дипломатиялық басшысының орынбасары Хези Кейнаннмен бейне-линк ұйымдастырылады, өз бизнес жобасының жүзеге асыруға мемлекеттік грант алған РФ Орынбор облысының жас бизнесмені А.Ю.Порошин «Лондон» Ағылшын кофейнясының» иесі.

Сонымен қатар, ашылған соң, форум аясында тәжірибелі және бастауыш кәсіпкерлердің бизнесін дамытуға арналған «Развитие многомерного предпринимательского мышления» тақырып бойынша семинар-тренингтер өтеді.

Форум жастар арасында кәсіпкерліктің даму қарқынын жақсартуға, жастардың кәсіби белсенділігін арттыруға, жас кәсіпкерлер санын көбейтуге жағдай жасауға, жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндіктерін көрсетуге, жұмыссыздықты азайтуға, жастардың жалпы халықтың әл-ауқатын арттыруға өз септігін тигізеді.

 

 




Яндекс.Метрика