Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері

2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтаудың 42 нысаны қолданысқа берілді

Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтаудың 42 нысаны қолданысқа енгізіліп, 39 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп ОҚО әкім аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан18 Қараша , 10:15

«Ағымдағы жылы денсаулық сақтаудың  42 нысан пайдалануға берілді, 39 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға жоғары», - деп хабарламада нақтыланған.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 5,5 млрд. тг бөлініп, қамтылу деңгейі 56,5%-ға жеткізіліп, орташа республикалық деңгейге қол жеткізілді.

Соңғы 5 жылда 263 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүзеге асырылды.

«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл ана өлімінің көрсеткіші 50,0 пайызға, нәрестелер өлімі 23,3 пайызға төмендеген», - деп хабарламада нақтыланған.   

 Соңғы 5 жылда 14 мың маманның (48%) біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға 860 млн.тг.бағытталды

 




Яндекс.Метрика