Павлодар облысында жаңа жылыжайда голландиялық технологиямен өсірілген раушан гүлдері топтастырылды

Екібастұз қаласында ашылған жаңа жылыжайда хош иісті раушан гүлдерінің алғашқы шоқтарын топтастыру өтті. Аумағы 5 гектарды құрайтын жылыжай кешенінің құрылысына 3,2 млрд теңге жұмсалған. Кешенде жыл сайын 10 млн. дана гүл өсіріледі, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар17 Ақпан , 09:58

Жылыжайдың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Қ. Бозымбаев «Бұл өндіріс ошағының тұсаукесері Елбасының ірі кәсіпорындардың жанынан қосымша өндіріс орындарын ашу туралы тапсырмасын орындау  болып табылады»,- деп атап өтті.

Жылыжай кешенін жобалау жұмыстарын голландтық «VAN DER HOEVEN» компаниясы жүргізді.

Жылыжай кешені Екібастұз қаласының №1 электр станциясының жанында орналасқан. Станция жылыжайды сумен, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.

Кешен толықтай автоматтандырылып, шетелдік құралдармен жабдықталған.  Жаңа кәсіпорынның басшысы Айтмағанбет Сәрсенбекұлы хабарлағандай қазіргі кезде инвесторлар жылыжай кешенінің аумағын 30 гектарға дейін кеңейту мәселесін қарастырып жатыр.

Айта кетейік, Павлодар облысында 12 жылыжай бар. Олардың жалпы ауданы 6,1 га, оның ішінде 2 жылыжай өнеркәсіптік болып табылады: «Модуль ПВ» ЖШС және «Максима» ШҚ. Өзге жылыжайлар – фермерлік типтегі өндіріс орындары.

Сонымен бірге, ҚКО ҰК «Павлодар» АҚ-ы жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрайтын «Павлодар қаласында жылыжай кешенін салу» инвестициялық жобасы бойынша жұмыстарды аяқтауға жақын. Кешеннің өндірістік қуаттылығы жылына 1600 тонна қызанақ өнімін алуға мүмкіндік береді. Жылыжайдың жалпы ауданы - 3,2 га. Өндірісті іске қосу 2016 жылдың 1 тоқсанына жоспарланып отыр.

 




Яндекс.Метрика