«Жасыл» экономикалық модернизация - қоршаған ортаға зиян тигізетін заттар көлемін азайту қажет - Нұрлан Қаппаров

21-ші ғасырдағы жаһандық қауіп-қатерден сақтану жөнінде «Қазақстан -2050» Стратегиясында Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын, мемлекеттің экономикасын тұрақты «жасылдандыру» бағытына көшіру керектігін. Экономиканы «жасыл» модернизациясы, бұл қоршаған ортаға зиян тигізетін заттардың қатарын азайту және бей-берекет табиғи ресурстарды пайдалануды қысқарту қажет деді, ҚР-ның Қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау министрі Нұрлан Қаппаров.
Казахстан08 Қараша , 18:01

«ҚР-ның Президенті биылғы жылдың мамыр айында мемлекетті «жасыл» экономикаға көшіру жөнінде қаулы шығарды. «Жасыл» экономикаға көшудегі негізгі факторлар, ол ресурстарды дұрыс пайдаланбау, тарифтық жүйенің жетілдірілмеуі және энергия ресурстарының тапшылығы,табиғи ресурстар қорының төмендеуі және қоршаған ортаның нашарлауы, шикізат ресурстарын сыртқа шығаруға тәуелділік және шикізат нарығындағы бағаның күрт түсуіне байланысты» - деп атап өтті Н. Каппаров.

Сарапшылардың бағалауынша, жыл сайын ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың арқасында мемлекет экономикасына жылына 4-8 млрд әкелетн пайданы жіберіп алып отырмыз. Егер біз табиғи ресурстардың пайдалануға деген қарым-қатынасымызды өзгертпесек, ойланбасақ, 2030 жылға қарай бұл сан 14 млрдқа дейін барады.

«Экологиялық проблемманы шешу мақсатында және «жасыл» экономикаға көшу концепциясын 2013-2020 жылдары жүзеге асырылуы жөнінде үкімет биылғы жылдың тамыз айында шешім қабылдады.  Мұнда бір қатар шараларды қолға алынған, ол қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, өндірістерден келетін ауаны ластайтын зиянды заттардың қатарын төмендету. Қалдықтарды өңдеу жобасы жоспарлануда, қалдық классификация ережелерін соңына жеткізіп және еуропалық стандарттар бойынша сәйкестендіру, өндірістерден шығарылып жатқан қалдық орындарына тексерістер жүргізу, инфрақұрылымды жасау, қалдықтарды қайта өңдеп шығаратын кәсіпорындарын, экологиялық техноллгияларды енгізу, оның барысы, сонымен қатар, органикалық ластағыштардың күштілігінің технологиясын және тағыда басқа қалдықтар. Сыртқа шығарылатын затардың жаңалануы, (азот оксиді, күкірт қышқылы, қатты заттар және тағы басқа), сондай-ақ, қатты қалдықтарды жүзеге асыру жобасындағы модернизациялық басқару жүйесін құру керектігін айтты»,- ҚР  Қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау министрлігінің басшысы. 

Сонымен қатар, энергияүнемдеу, қалдықтарды басқару және ауанының ластануын төмендететін қанат қақты жобалар жоспарлануда. 

Сондай-ақ, мемлекетте ресурстардың барлық түрлеріне (жылу, электр қуаты, су,...) байланысты автоматты ресурстық есептік  жүйесі Астананың қазіргі визуалдық тәртібіне құрылмақшы. Бұл аймақтық ресурсты пайдаланушылардың (өндісітер, тұрғындар, мекемелер), өндіріс орындарының, қалылық және ауылдық аймақтардың қолданыстарын айқындайды. Аталмыш жүйе қадағалап, салыстырады, мәліметтерді сараптайды, бей-берекет пайдалану, ресурстарды шамадан тыс пайдалану және оны шығындауды анықтайды. Қабылданған концепция және жоспарлау шаралары         2013-2020 жылдарға арналған ұлттық экономикамыздың барлық секторларының күрт өзгеруіне және сала көздерін өзгеруіне әкеледі» -деп аяқтады ол.  




Яндекс.Метрика