ШҚО-да «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2,7 млрд теңгенің 12 жобасы жүзеге асырылуда

ШҚО-да «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2,7 млрд теңгенің 12 жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлады ШҚО әкімі Даниал Ахметов ОКҚ-дағы брифингте.
Нұр-Сұлтан14 Желтоксан , 11:59

«Негізгі капиталға құйылған инвестиция өткен жылмен салыстырғанда 107 пайызды құрайды. Құрылыс-монтаждық жұмыс көлемі өткен жылдың деңгейінен 12,5 пайызға жоғары. 3-4 пайызға құрылысты ұлғайттық», - деді Д.Ахметов.

Сондай-ақ, 2011-2014 жылдар аралығында ТКШ бағдарламасын жаңғырту бойынша 2,3 млрд теңгенің 267 тұрғын үйі жөнделді.

Баспасөз қызметінің айтуынша, 2015 жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 291,4 млн теңгеге 21 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Оның 190,7 млн теңге тұратын   8 үйі трансферттер бойынша жүзеге асырылды, 100,7 млн теңге 13 үйі қайтарылған қаржыға жүзеге асты.

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2011-2020 жылдарға арналған 2,7 млрд теңгенің 12 жобасы жүзеге асырылуда. Су жіберу бойынша – 9 жоба 1844,3 млн теңгеге жүзеге асуда. Осы жылы 8 нысан жүзеге асырылды, 4 жоба 2016 жылы іске қосылады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика