Астанада ғарыш саласындағы қазақстандық-қытайлық ынтымақтастық талқыланды

Астанада ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетовтың және Қытай ұлттық ғарыш әкімшілігінің (ҚҰҒӘ) бас хатшысы Тянь Юйлунның төрағалығымен ғарыш қызметі саласында ынтымақтастық орнату бойынша қазақстандық-қытайлық жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлады Қазғарыш.
Нұр-Сұлтан04 Желтоксан , 19:23

Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасында ғарыш қызметі саласында ынтымақтастық орнату туралы келісімді  жүзеге асыруға бағытталған.

Жұмыс сапары аясында қытайлық делегация Қазақстанның жерүсті ғарыш инфрақұрылымы - жерді қашықтықтан зонттау орталығының жұмысымен және жоғары сапалы жерсеріктік басқару жүйесімен танысты.

Аталып өткендей, жұмыс тобының келесі отырысы 2016 жылы Қытайда өтеді деп күтілде. 




Яндекс.Метрика