Қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлағандай, биотоптар құрылып, 1749 гектар жерге шөп өсіріледі. 2012 жылдан 2015 жылға дейін бірінші және екінші кезектегі жобаны іске асыру аясында орман алқабында ауданы 1 032 гектар жерге жабық тамыр жүйесімен 1 493 000 көшет, сондай-ақ 180 гектар жерге көпжылдық шөп егілді. Өсімдіктердің орташа тамыр алып кетуі 90%-ды құрайды.
Бүгінде «жасыл белдеу» аумағы қоян, түлкі-қарсақтар, шілдер мен қырғауылдың тіршілік ету ареалына айналды. 2015 жылы оларды одан әрі өсіріп, көбейту мақсатында «жасыл белдеу» аумағына 4083 қырғауыл жіберілді. Қазіргі кезде торларда 400 ересек қырғауыл және 1500-ден астам балапан өсіріліп жатыр.
«Жасыл белдеудің» ауданы 14,8 мың гектардан артық, мұнда 9,7 млн. жуық ағаш пен 1,9 млн. бұта өседі. Елорда тұрғындары мен қонақтарының демалуына экологиялық қолайлы жағдай жасау үшін қаланың айналасында - «жасыл белдеудің» оңтүстік-батыс бөлігінің 25 гектар аумағында, сондай-ақ «солтүстік тізбек» учаскесінің 100 гектар аумағында - екі рекреациялық орман-саябақ аймағы жасалады.