Заң бойынша, олар әкімдікке өз табыстары жайында декларация өткізуі тиіс. Ал жалпы, облыс бойынша 149 әкімді сайлау керек. Науқанның өзі 7 тамызға жоспарланған. Нәтижесі де дәл сол күні шықпақ. Сайланған әкімдер төрт жыл бойына жұмыс істейтін болады.
«Бізде бүгінгі таңда 378 үміткер өз кандидатурасын ұсынды. Орта есеппен әр орынға 2-3 адамнан таласатын болады. Қазір сайлау комиссиясының өкілдері олардың құжаттарын тексеріп жатыр» деді Ақтөбе облысы бойынша сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Күнбаева.