Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері

Қостанай облысының Жітіқара ауданында жылжымалы медициналық кешен іске қосылды

Қостанай облысының Жітіқара ауданында жылжымалы медициналық кешен іске қосылды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.
Қостанай05 Қараша , 16:14

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын орындау аясында облыста 2011 жылдан бері 3 жылжымалы медициналық кешен  жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында кешеннен 72 мың адам кеңес алған. Ал енді Жітіқара аудынында төртінші жылжымалы медицина кешені тұрғындардың игілігіне ұсынылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, облыста жоғарғы білікті кәсіби мамандардан құралған бригада жасақталып, санитарлық авиация жұмысы ұйымдастырылды.

Жалпы, үш жыл ішінде аталмыш кешендер 1083 оқиға орнына шығып, 1229 тұрғынға қызмет көрсеткен.

 




Яндекс.Метрика