Ауыл әкімдерін сайлау

Қарағанды облысында сайланған әкімдердің біліктлігі өз лауазымдарына лайық

Қарағанды облысында жалпы 202 әкімнің 2-еуі аудандық маңызы бар қаланың (Абай, Қарқаралы қалалары), 131-і ауылдық округ әкімі, 35 елді-мекеннің, 34 ауыл әкімі, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды05 Қараша , 11:00

«Сапа құрамы бойынша жасалған сараптама қорытындысы бойынша, әкімдердің 89 пайызын ерлер, 11 пайызын әйел азаматшалар құрайды. Ұлты бойынша 93,5 пайызын қазақтар, 4 пайызын орыстар, қалған 2,5 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды», - делінген хабарламада.

Сонымен облыстағы сайланған әкімдердің барлығын біліктіліктері мен білімі өз лауазымдарына  сай келеді. Олардың орташа жас көрсеткіші 47 жас. Соның ішінде аудандық маңызы бар қала әкімдері жасы 41,8, ауылдық округтердің әкімдерінің  жасы 48,1, елді-мекен мен ауыл әкімдерінің орташа жас көрсеткіші 46,5 және 43,9 жас шамасында.

Ауыл әкімдерінің кадрлық әлеуеті қазіргі әкімдердің есебі негізінде құрылған. Олардың көрсеткіші 70,3% (142 әкім) болса, мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекттік орган қызметкерлері 11,9%, ал коммерциялық құрылым өкілдері көрсеткіші 2,5% құрайды.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика