Негізгі бәсекелес елдер Жапония мен Еуропаның дамыған мемлекеттері болды. Дегенмен сарапшылардың көбі бірауыздан қазақстандық метроны үздік деп тапты. Шарт бойынша қатысушылар сарапшылардан 50 оң пікір жинауы тиіс болатын.
Жеңімпаздарды марапаттау Лондонда өтті. Алматы әкімдігі мен метро басшылығы жүргізілген насихат үшін журналистер қауымына ерекше алғысын білдірді. Өйткені, аталған жүлдеге қол жеткізу үшін БАҚ арқылы жүргізілген үгіт-насихаттың ықпалы үлкен.
«Біздің метрополитеннің маңызды жүлдені жеңіп алғанына өте қуаныштымын. Метрополитен үшін бұл үлкен мәртебе, енді жыл сайын осы атақты бермеуіміз керек» деді Алматы әкімінің орынбасары Юрий Ильин.