Тараптар Қазақстан-Малайзия қатынасының дәстүрлі ашықтығы мен өзара түсіністігі аясында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір алмасты. Д. Сарекенов пен Р. М. Найна Мерикан 2014 жылғы 22-24 мамырдағы Малайзия Премьер-министр Наджиб Разактың Астанаға ресми сапары аясында «жан-жақты серіктестік туралы» келісімінің шараларын жүзеге асыру барысына ерекше назар аударды.
Көпжақты дипломатия тұрғысында Д. Сарекенов пен Р. М. Найна Мерикан әлемдік аренадағы және халықаралық ұйымдар аясындағы Астана мен Куала-Лумпурдың өзара байланысын талқылады.
Жалпы аталмыш кездесу аясында Қазақстан-Малайзия ынтамақтастығының маңызды мәселелері талқыланып, тараптар өзара қолдау көрсетуге уағдаласты.