Маңғыстау облысында «Қошқар-ата» өзенінің айналасында жасыл белдеу құрылады

Маңғыстау облысында «Қошқар-ата» өзенінің айналасында жасыл белдеу құрылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау07 Қазан , 17:04

«Осы жылы «Қошқар-ата» өзенінің жан –жағынан жасыл аймақ құрудың тәжірибелерін жүзеге асыра бастадық. Аймақтың алаңында жасл ағаштар 7,5 га отырғызылады. Бағдарлама 2 жылға есептелген. Осы уақыт аралығында сексеуіл, тамариск, айлант, қарағаш отырғызылды», - деді Табиғи байлықтарды реттеу және табиғи байлықтарды басқару басқармасы жетекшісінің орынбасары Орынбасар Тоқжанов.

Қарақия, Үштаған, Тұщықұдық, Маңғыстау аудандарында жасыл белдеу құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«2004 жылдан бастап Сенек ауылы жанындағы Түйесу, Үштаған, Қызылқұм жанындағы Бостанқұм ауылдарында өсімдік өсіру алаңдарын қалыпқа келтіру жүргізілуде. Осы жылы өсімдік өсіруді қалпына келтіру үшін 94,95 млн теңге бағытталды»,- деді О.Тоқжанов.

 

 




Яндекс.Метрика