ЕО Қазақстанды «Көкжиек-2020» бағдарламасына белсенді қатысуға шақырды

ЕО Бас Директоратының халықаралық ынтымақтастық және зерттеулер мен инновациялар жөніндегі директоры Мария Кристина Руссо Қазақстанды «Көкжиек 2020» бағдарламасына белсенді қатысуға шақырды.
Нұр-Сұлтан02 Қазан , 11:49

«ЕО мен Қазақстан арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы кеңейтілген келісіміне  2015 жылдың 20 қаңтарында Брюссельде алдын ала қол қойылды, ол екіжақты саяси, экономикалық және стратегиялық байланысты нығайта түседі. Біз бұл келісімді тағатсыздана күтіп отырмыз, себебі, ол біздің ынтымақтастығымызды кеңейтіп, зерттеу мен инновация саласында біріктіре түседі. Осыған орай біз Қазақстанды «Көкжиек 2020» бағдарламасына қатысуға шақырамыз», - деді Мария Кристна Руссо.

Айта кетейік, Еуропалық одақтың «Көкжиек 2020» бағдарламасы – ЕО-ның 2014 -2020 жылдар аралығында зерттеу бағдарламасын қаржыландыратын бағдарлма. Қазақстанмен мемлекетаралық ынтымақтастық дәрежесіндегі негізгі серіктесі ретінде ЕО ҚР ИДМ әлеуетін МИНТ және «Көкжиек 2020» бағдарламасында қолдануды қарастырып отыр.

 

 




Яндекс.Метрика