Масқатта Қазақстан мен Оманның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Масқатта ҚР Елшісі Ержан Мұқаш Оманның Мұнай және газ министрі Мухаммед бин Хамдан Аль-Румхимен кездесті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде22 Қыркүйек , 09:31

Кездесу барысында мұнай және газ саласындағы ынтымақтастықты дамытудың болашағы, атап айтқанда, «ОманОйл» компаниясының Қазақстанда іске асырылып жатқан жобалар бойынша ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігі талқыланды.

Омандық министр екі жақты байланыстардың жандануына, сондай-ақ екі ел арасындағы энергетикалық және тағы басқа салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша тығыз ынтымақтастықтың дамуына қызығушылық білдірді.

Кездесу барысында ағымдағы жылдың 29 қыркүйегі мен 1 қазан аралығында Астанада жоспарланған «Энергетиканың жаңа көкжиегі: әріптестік пен инвестициялардың тың мүмкіндіктері» атты Х Еуразиялық форумының жұмысында омандық делегациясының қатысу мәселесі талқыланды.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасқа Ұлт жоспарының «100 нақты қадам» негізінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар туралы  әңгімелеп берді.

 

 




Яндекс.Метрика