Астанада Қазақстан мен Ұлыбританияның білім саласындағы серіктестігі талқыланды

Астанада Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов пен Ұлыбританияның сауда және инвестициялар министрі лорд Ф. Модтың кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан14 Қыркүйек , 20:24

Кездесуге сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері және Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі, Ұлыбритания және Британдық Кеңестің Сауда палатасының басшылары, ҚР БҒМ департаменттерінің басшылары қатысты.

Кездесудің қатысушылары күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады: ҚР БҒМ мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің бизнес, инновациялар және дағдылар департаментінің арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумның мақсаттарын қолдауға Ұлыбританияның міндеттемелері; Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «100 нақты қадам» Жолдауын іске асыру үшін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын қолдау; алдағы екі жыл барысында Ұлыбританияның қолдауы қажет болатын  реформалар бойынша, ағымдағы негізгі басымдықтары мен реформалар саласын анықтау; «Ньютон-Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасын және оның қаржыландыру мәртебесін дамыту.

Айта өтейік, бүгінде ҚР БҒМ және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің бизнес, инновация және дағдылар департаментінің арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға сәйкес белгілі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстанның Жоғары оқу орындарымен тиісті шарттар мен келісімдерге қол қойылды. ҚР БҒМ және Ұлыбританияның бизнес, инновациялар және дағдылар департаментінің арасында Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумның жаңа жобасы әзірленген. Аслан Сәрінжіповтың айтуынша, 2015 жылғы 3-4 қарашада  Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға сапары аясында аталған Меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Ұлыбританиядағы сапары аясында жоғары оқу орындарының Қазақстан-Британдық форумын өткізу жоспарлануда.

Министр,  Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы ТжКБ ұйымдарының өкілдеріне саяхат ұйымдастыру бойынша ұсыныс жариялады, саяхат барысында педагогтар «Колледж-ЖОО-кәсіпорын» оқытушылар жүйесі бойынша тәжірибесі бар ағылшындық жоғары оқу орындары мен колледждерді аралай алады және Қазақстанның индустрияландыруын дамыту үшін бұл тәжірибені соңынан қолдануға алады. Тараптар сондай-ақ Қазақстанның жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын – ғылыми зертханаларын - Халықаралық біліктілік талаптарына сәйкес жабдықтаудағы ағылшындықтардың қолдауын талқылады.




Яндекс.Метрика