Ақмола облысында жасыл технологияларды үйрететін Халық Академиясы құрылды

Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылында жасыл технологияларды үйрететін «Жасыл» технологиялар мен тәжірибелердің Халық Академиясы» оқыту Орталығының ашылу салтанаты өтті.
Ақмола07 Қыркүйек , 14:47

Орталық БҰҰ Даму Бағдарламасы және Халықаралық Coco-Cola  қорының гранттық қолдауымен «Жасыл» экономиканы қолдау және      G-Global-ды дамыту Коалициясы» және «Ақ Бота» Қоғамдық Қорының бастамасымен жүзеге асырылды.  

«Біз Жасыл» технологиялар мен тәжірибелердің Халық Академиясы» оқыту Орталығының ашылуна үлкен ықыласпен келіп отырмыз. ҚР мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова мен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия атынан қош келдіңіздер дегім келеді. Біз ЭКСПО-32017 басшылығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық.  Біз бұған үлекен үміт артып отырмыз»,  -деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко.

Е. Тарасенко атап өткендей, Мемлекет басшысы елімізді дамыған 30 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойды, енді қазақстандықтардық барлығы осы мақсатқа жетуде күш біріктіргені жөн.

«Барлығымыз күшімізді біріктіріп алға ұмтылуымыз керек, оқып, сауатымызды жетілдіруіміз керек, «жасыл» экономиканың не екенін білуіміз керек. Бұл орталықтың ашылуы осы ретте өте маңызды», - деді ол.

Аталып өткендей, Орталықты құру қазақстандық қоғамдық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын жүзеге асыру және ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындыққа қосқан үлестері. Осылай, 2013  2017 жылдарға арналған  «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру мен өткізуге арналған Ұлттық жобаны жүзеге асыру барысында Астана қаласының жанында «жасыл» технологияларды көрсететін алаңдарды құруды қарастыру мақсатында осы алаң құрылды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика