Армения мен Қазақстан туризм саласындағы ынтымақтастықты одан ары дамытуға мүдделі

Арменияның туристік орталықтарының бірі – Цахкадзор қаласында Қазақстанның Армениядағы Елшілігінің бастамасымен және «Еуропалық интеграция» үкіметтік емес ұйымының (ҮЕҰ) қолдауымен «Қазақстан мен Арменияның туристтік әлеуеті: тәжірибе, келешек, ынтымақтастық» тақырыбында конференция өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде07 Тамыз , 17:52

Іс-шараға жергілікті сарапшылық топтардың, қазақстандық және армяндық туристтік ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Уақытша сенімді өкілі Қанат Хасенов конференцияны аша отырып, Қазақстандағы туризмді дамытудың негізгі бағыттарына тоқталып, Қазақстандағы Қысқы Универсиада-2017 және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі секілді елде өтетін халықаралық іс-шаралармен таныстырды.

Қазақстандық дипломат конференция қатысушыларын, сонымен қатар, мемлекеттің, экономиканың және қоғамның сатылы жаңғыру бағытының негізін қалайтын Президент Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мақсаттарымен және міндеттерімен таныстырды.

Конференцияда Армения Экономика министрлігінің өкілі Мехак Апресян сөз сөйлеп, Казақстан тарапы ұсынған тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігін атап отырып, Арменияның туризмді тамыту саласындағы тәжірибесі туралы баяндап, екі ел арасында осы бағытта ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды.

Қазақстан экотуризм бойынша ақпараттық ресурстық орталығының үйлестірушісі Айгүл Исағұлова конференция қатысушыларын Қазақстанның зор туристік мүмкіндіктерімен таныстырып, Қазақстандағы туризмді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын ұсынды.

Қазақстандық туристік ассоцияциясы ішкі және келушілер туризмінің басшысы Раушан Сартаева армяндық аудиторияны Қазақстанның туризм индустриясының қазіргі ахуалымен, шетелде туритстік өнімін ілгерілету жөніндегі бірлескен жобаларды құру мүмкіндіктерімен таныстырды.

Өз кезегінде Арменияның экономикалық интеграция бойынша сарапшысы Лусине Тумян Арменияның «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне қатысу мәселесіне байланысты екі ел арасында атқарылып отырған іс-шараларға тоқталып, Қазақстан тарапының ұйымдастыру жұмыстарын жоғары бағалады.

Конференция барысында Қазақстан мен Армения туристтік ұйымдарының өкілдері туристік саладағы ынтымақтастықты жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.  

Іс-шара қорытындылары бойынша армян тілінде басып шығарылған «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауының мәтіні және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы туралы материалдар таратылды.




Яндекс.Метрика