Суды әділ үйлестіру – аймақтағы тұрақтылықтың кепілі

Су ресурстарын әділ үйлестіру – аймақтағы тұрақтылық кепілі, деп мәлімдеді ҚР ауыл шаруашылығывице-министрі Ерлан Нысанбаев ЕҚЫҰ-ның 23-ші экономикалық - экологиялық форумы менҚазақстандағы су жылына арналған ұлттық дайындық кездесуінде.
Нұр-Сұлтан02 Шілде , 10:28

«Қазақстанның 48%  мемлекетаралық өзендерінің суы барекенін ескеретін болсақ, мұндай аймақтық шаралар өте маңызды.  Аймақтағы тұрақтылық үшін суды әділ үйлестірутұрғысында өте маңызды. Бүгінде кез-келген орталық мемлекеттің саясатында су мәселесібасты орында тұр», - деді  Е.Нысанбаев.

Оның айтуынша, бүгінде Орталық Азияда Сырдария, Шу, Таласөзендерінің бассейндерін басқаратын бірлескен органдар бар, алайда суресурстарын рационалды тұтыну тұрғысында проблемалар да жоқ емес.

«Қазіргі таңда Орталық Азия елдеріне суды тиімдіпайдаланған жөн. Қазақстан Сырдария, Іле, Шу, Талас өзендерінің ең төменгіағысында орналасқан, сондықтанда осындай форматтағы кездесулер біз үшін өтеүлкен роль атқарады», - деп атап өтті ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика